Файлдармен жұмыс

Python-да жасалған программа көмегімен файлдағы деректерді оқуға, оны өңдеп экранға немесе басқа файлға жазуға болады. Бұл тілдің негізгі функциялары файлдардан деректерді оқуды, жазуды жеңілдетеді. Енді осы файлды өңдеу функцияларымен танысайық.

Файл – деректерді тұрақты жадта (мысалы, қатқыл дискіде) ұзақ уақыт сақтауға арналған дискінің атау берілген аймағы.

Файлды жасау мен ашу

Python-да файл жасауды қарастырайық. Мысалы, мәтіндік файл жасау керек болса, онда оны екі түрлі жолмен жасайды:

  1. Төменгі сыныптарда үйренген әдіспен (тінтуірдің көмегімен контекстік мәзір арқылы… Python орналасқан бумаға *.txt типіндегі файлды жасайды.
  2. Python-дағы open () функциясының көмегімен автоматты түрде жасауға болады. Ол үшін open () функциясында файлдың атауы мен файлды өңдеу параметрін көрсету керек.

Төмендегі программа кодында file айнымалысы жаңа мәтіндік файлға сілтеме жасалғанын көрсетіп тұр. Программаны іске қосқанда осы программа сақталған бумада test.txt мәтіндік файлы пайда болады.

                 file = opentest.txt», «w»)
                 file.close()

Егер test.txt файлы бумада алдын ала жасалған болса, онда программа жаңа файл жасамайды, бұрынғы жасалғанымен жұмыс істей береді. Open () функциясының екі маңызды параметрі бар. Оларға файл атауы мен функцияның жұмыс режімі кіреді

Open () функциясының жұмыс режімі

Input.txt мәтіндік файлында аралары бос орынмен ажыратылған а және b бүтін сандар берілген. Осы сандардың қосындысы мен көбейтіндісін тап. Нәтижені Оutput.txt файлына жаз.

Кірістірілген шарттарды программалау

Шарттармен жұмыс істеу барысында екіден көп тармақтардан тұратын шарттармен жұмыс істеуге тура келеді. Мұндай шарттарды орындау үшін бірнеше шарт тексеру операторы қажет.

Шарт тексеру операторының құрамында екінші шарт тексеру операторы қолданылса, онда мұндай шарт тексеру – кірістірілген шарт тексеру деп аталады.

Кірістірілген шарттарды қолданудың 1-нұсқасы

1-мысал: а саны берілген. а санының оң немесе теріс сан екенін анықта. Егер а саны оң сан болса – «1», теріс сан болса – «-1», ал сан нөлге тең болса, «0» деген жауап экранға шығатын болсын.

Программа коды

1-мысалдың алгоритміне түсініктеме: мысалдың шартынан а>0, а<0 шарттары туындайды. Бірақ мысалда 0-ге тең болатын жағдайды да қарастырсақ, онда қолданылатын шарттар саны екеу емес, үшеу болады. Екі шарттан артық туындаған жағдайда кірістірілген шарттарды қолданамыз. 

While циклі

Бірнеше рет қайталанып орындалатын белгілі бір іс-әрекеттерді сипаттайтын алгоритмдер тобы циклдік алгоритмдер деп аталады.

While операторының жұмыс істеу негіздерін түсіну үшін мысалдар қарастырайық. Ол үшін «параметрлі циклдер» тақырыбында алынған 1-мысалды тағы да қайтадан қарастырамыз. Екі цикл операторының жұмысымен бірдей мысал арқылы танысу олардың жұмыс ерекшеліктерін түсінуді оңайлатады.

Мысалы: 1 мен 100 аралығындағы сандардың қосындысын табатын программа жаз.

 Мысалдың шарты бойынша 1-ден 100-ге дейінгі сандарды қосуды шартты цикл көмегімен орындауға болады.

Блок-схема

Шарт тексеру циклі «і шамасының мәні 100-ден кіші ме?» деген сұрағын әр жолы қайталап отырады. Циклдік алгоритмдердің блок-схемасы 1-суретте берілген. Бұл цикл жұмысы і шамасының мәні 100-ден үлкен болғанда барып тоқтайды. Цикл шарты жалған болғанға дейін s қосқышына і-дің мәнін қосып отырады.

Программа коды

Шарт циклі while-дың ерекшелігі:

  •  циклдің қайталану шарты цикл денесі жұмыс істемей тұрып тексеріледі;
  • шарт циклі цикл саны белгісіз болған жағдайларды қарастырғанда қолданылады.

For циклі

Python-да for операторы белгілі бір есептеуде көрсетілген мәнге жеткенге дейін жұмыс істейді. Параметрлі цикл жұмысын ұйымдастыру үшін, for операторын rangе() функциясымен бірге қолдану керек.

Жазылуы:

for і in range(k, n, x):
 <оператор немесе өрнек>;

range (k, n, x) функциясы k-дан n − 1-ге дейін x қадаммен сандар тізімін жасайды.

Мысалы: k = 1, n = 11 және x = 2 болса, онда for і in rangе(1, 11, 2) цикл қатары і шамасының мәні 1-ден 10 аралығында 2 қадаммен өзгереді деп оқылуы керек.

for операторында range () функциясын қолдану түрлері

Continue циклін басқару

Continue (жалғастыру) – белгілі бір қойылған шарттың көмегімен ағымдағы цикл итерациясын тоқтатып, келесі цикл итерациясына ауыстыратын цикл нұсқаулығы

Continue нұсқаулығы циклдің басына бірден ауысуды қамтамасыз етеді. Бұл нұсқаулық арқылы кей жағдайларда циклдерді кіріктіріп пайдаланудан сақтайды. Continue нұсқаулығын циклдің екі түрі: for параметрлі циклі мен while шарт циклінде қолдануға болады.

Break циклін басқару

Break (үзілу) – белгілі бір қойылған шарт орындалуымен ағымдағы цикл жұмысын бірден тоқтатып, программа жұмысын циклден шығарып, әрі қарай жалғастыратын цикл нұсқаулығы.

Python-да break нұсқаулығы цикл жұмысына әсер ететін сыртқы фактор пайда болған кезде циклді бұзуға мүмкіндік береді. Break нұсқаулығын for параметрлі циклі мен while шарт циклінде қолдануға болады . Схемаларда көрсетілгендей, break-тің программада жазылуында continue нұсқаулығынан айырмашылығы жоқ. Тек екеуінің атқаратын қызметі екі түрлі, бірі циклден шығаруды қамтамасыз етсе, екіншісі циклдің белгілі бір қадамдарын орындамай өтуге мүмкіндік береді.

Break нұсқаулығы циклдің екі түрінде қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін бір мысал қарастырайық.

Else циклін басқару

Өткен тақырыптарда break пен сontinue цикл нұсқаулықтарын циклдің екі түрінде қолдану жолдарымен таныстық. Бұл нұсқаулықтарды циклдің ішінде шарт тексеру операторымен бірге қолдандық. Осындай нұсқаулықтың тағы бірі – else цикл басқару нұсқаулығы. Еlse нұсқаулығының алдыңғы екеуінен айырмашылығы – for және while циклдерінің сыртында орналасады. Еlse нұсқаулығы цикл барлық қадамды толық орындап, қалыпты жағдайда өз жұмысын аяқтағанын немесе break арқылы бірден тоқтағанын көрсетеді. Еlse нұсқаулығы цикл тек break-ті пайдаланбай, өз жұмысын қалыпты аяқтағанда ғана орындалады.

 

БІРӨЛШЕМДІ МАССИВ

Массив – (француз тілінен аударғанда massif – қуатты, тұтас дегенді білдіреді) біртекті заттар немесе нысандардың тұтас алғандағы жиынтығын білдіретін ұғым. мысалы, тұрмыста тұрғын үй массивтері (тұрғын аудандар), орман массивтері (орман алқаптары) деген сияқты ұғымдармен бірге қолданылады.

Бірөлшемді массив элементтерін енгізу

Бірөлшемді массив элементтерін енгізу үшін from array import array-мен таныстырасың.

N=int(input()) – массивтің ұзындығын енгізеді.

input()) операторы арқылы енгізілген деректер жолдық дерек болады. Оны санға айналдыру үшін int-ті пайдаланасың.

A=[0]*N компьютер жадынан массив элементтері үшін ұзындығы N орын бөледі. Мысалы, N=10 жағдайында A = [0, 0, 0, 0, 0 , 0, 0, 0, 0, 0]

for i in range (0,N): i үшін цикл мәні 0 мен 9 арасында өзгереді.

A[i] = int(input()) – программа қатары массив элементтерін пернетақтадан жеке-жеке енгізеді.

ЕКІӨЛШЕМДІ МАССИВ

Матрица

Өткен тақырыптарда танысқан бірөлшемді массивтердің кейінгі бір түрі – екіөлшемді массивтерді қарастырайық. Ол үшін матрица ұғымымен танысайық. Матрица (неміс тілінде «matrіse», латын тілінде «matrіx» – «аналық») — математикада кез келген жиынның элементтерінен құрылған және m жол мен n бағаннан тұратын тіктөртбұрышты кесте. матрицаны түзетін нысандар оның элементтері деп аталады (1-сурет). математикада және аналитикалық геометрияда матрицаларды (екіөлшемді кесте, массив) пайдаланып көптеген мәселелерді шешуге болады. программалауда түрлі салаларда туындаған көптеген мәселелердің шешімі матрицалардың көмегімен табылады.