АҚПАРАТТЫҢ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІ

Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың барлық түрлері – сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары – бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Компьютер «миында» ақпаратты өңдеу үшін әрбір белгіні сигнал түріне аудару керек. Сигналдың жоқ болуы 0 және бар болуы 1 санымен белгіленеді. «Нөл» немесе «бір» сигналы бит деп аталады. Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдайды. Бит – ағылшын тіліндегі «binary digit» ақпараттың екілік бірлігі дегенді білдіреді. Ақпаратты осы 0 немесе 1 көмегімен кодтау, оларды сақтау мен жеткізу компьютер жұмысын мейлінше жеңілдетеді

Бит ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігі. Ақпараттың екілік бірлігімен жұмыс істеу жүйесінің қарапайымдылығы осы жүйенің есептеу техникасының кең таралуына себеп болады. Ақпаратты өлшеудің келесі өлшем бірлігі байт деп аталады. Мұндағы 1 байт 8 битке тең. Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ – әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын секілді кез келген белгі. Мысалы, Ақпарат сөзі 7 байтты құрайды.

Хабардың ақпараттық көлемі деп хабардың ұзындығын, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылатын символдар санын айтады. Хабардың ақпараттық көлемі – бит немесе байт ұзындығымен өлшенеді.

1 бит = 0 немесе 1 сигналы

1 байт = 8 бит

1 Килобайт (Кб) = 1024 байт

1 Мегабайт (Мб) = 1024 Кб

1 Гегабайт (Гб) = 1024 Мб

1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб

Ақпаратты өлшеу. Алфавиттік әдіс

Ақпаратты өлшеудің алфавиттік жолы ықтималдық тұрғыдан өлшеудің бір әдісіне жатады. Мұнда қандай да бір алфавиттің (символдық хабардың) символдарынан құрастырылған мәтіндегі ақпарат санын өлшеу қарастырылады. Ақпараттың мұндай өлшемінің мәтін мағынасына қатысы жоқ. Ақпаратты өлшеудің алфавиттік жолы – компьютерлер мен ақпараттық техникаларда айналып жүрген ақпаратты өлшеуге қолдануға болатын жалғыз әдіс.

Бұл тақырыптың тірегі – «алфавит» ұғымы. Алфавит – ақпаратты ұсыну үшін қолданылатын, шектелген символдар жиыны. Алфавиттегі символдардың толық саны алфавиттің қуаттылығы деп аталады.

 

Бит – ақпаратты өлшеудің негізгі бірлігі. Байт – қуаттылығы 256-ға тең алфавиттің бір символының салмағы. Себебі 256 = 28 болғандықтан, 1 байт = 8 бит болады.

Ақпараттың өлшемі оның мазмұнына емес, мәтіннің көлемі мен алфавит қуаттылығына байланысты болады.

1-мысал есеп

2-мысал есеп

АҚПАРАТТЫҢ СИПАТТАРЫ

Ақпарат (лат. informatio – түсіндіру, мазмұндау) – күнделікті өмірден бастап әртүрлі салаларға дейін пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл шектеу, байланыс, бақылау, форма, нұсқаулық, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну сияқты ұғымдармен тығыз байланысты.

Ақпарат – адам үшін қоршаған ортадағы нысандар мен құбылыстар, олардың параметрлері, қасиеттері мен жағдайы туралы хабар.

Ақпараттың қасиеттері

  1. Ақпарат сенімділігі қабылданған ақпараттың нақты жағдайға сәйкестігін анықтайды. Сенімді емес ақпарат дұрыс түсінбеуге немесе дұрыс емес шешім қабылдауға алып келуі мүмкін.
  2. Ақпараттың толықтығы – шешім қабылдауға қажетті ақпарат мөлшерін анықтайтын сипаттама. Ақпараттың толық болмауы нәтижесінде көптеген қателіктерге жол беріледі. Ақпараттың толық болмауы немесе шамадан тыс көп болуы сапалы ақпарат алуға кедергі келтіреді.
  3. Ақпараттың өзектілігі – ақпараттың уақыт ағымына сәйкестігін анықтайтын қасиеті. Шындыққа сәйкес, бірақ ескірген және керексіз ақпарат өзекті емес, яғни қажетсіз ақпаратқа айналады. Мысалы, осы аптадағы телебағдарлама келесі апта үшін ескірген ақпарат болады.
  4. Ақпараттың құндылығы – адамның көздеген қызметінің алуан түрлі саласында пайдалануға жарамдылық қасиеті.
  5. Ақпараттың объективтілігі біреудің пікірі мен шешіміне тәуелсіз болуы.
  6. Ақпараттың түсініктілігі. Ақпарат пайдаланушыға түсінікті тілде жазылуы керек. Мысалы, ағылшын тілінде сөйлейтін орта үшін қытай тіліндегі ақпарат түсініксіз.

Добро пожаловать в АҚПАРАТТЫҢ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІ

1. Мәтіндік құжаттағы бір символдың өлшемі

2. 1 ГБ тең өлшем

3. Ақпарат алушы үшін қолжетімді тілде көрсетілген ақпараттың қасиеті

4. Позициялық емес санау жүйесі

5. Хартли формуласы

6. Алфавит қуаттылығы дегеніміз ол

7. F27 (16) - Ондық санау жүйесіне ауыстыр

8. Алфавит қуыттылығы 256 символ, ақпарат көлемін 2,5 КБайт болса, мәтінде қанша символ бар?

9. Ақпараттың қасиеттері

10. ASCII кодтау кестесінің бөліктері

11. 545 (10)

12. Ақпараттың өлшем бірліктерін анықта

13. Санау жүйелерінің түрлерін анықтаңыз

14. Кодталған ақпаратта қайтадан орнына келтіру

15. Қуаттылығы 64 символдық алфавиттің көмегімен жазылған 30 беттік рефераттың әр бетінде 20 қатардан, әр қатарда 60 символдан бар. Рефераттың ақпараттық көлемін анықта.