Ақпаратты кодтау

Кодтау – ақпаратты өңдеу, сақтау, тасымалдауға ыңғайлы болу үшін белгілі бір алфавит арқылы өзгертіп, ұсыну. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына белгілі бір ережемен көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну мен өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу түріне байланысты болады. Кодталған ақпаратты қайта қалпына келтіруді декодтау деп атайды.

Екілік алфавиті 0 және 1 таңбаларынан тұрады. Ақпаратты екілік кодпен көрсету үшін, құрылғы екі күйді айыра білуі керек. Мысалы: 1– құрылғыда ток бар, ал 0 жоқ екенін көрсетеді немесе 1 – жоғары кернеу, 0 – төмен кернеу екенін білдіреді. Тек екі түрлі мәні немесе оған сәйкес код разряды бар, 0 немесе 1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигнал бит деп аталады.

ASCІІ коды

Мәтінді санмен өрнектеу үшін әрбір әріпке сандық мәнді сәйкестендіреді. Барлық әріпке өзіндік мән беру арқылы біз оны кодтаймыз. Бірақ пайдаланушы кодтауды өзінше жүзеге асыра алмайды. Ол үшін барлық пайдаланушыға тән стандарт болуы керек. Сондай стандарттың ең көп тараған түрі ASCII (American Standart Codе for Information Interchange – ақпарат алмасудың американдық стандарты) кодтау тәсілін алуға болады. Қазіргі компьютерлерде ақпарат ASCII кодымен беріледі. ASCII коды АҚШ-тың (ANSI) Ұлттық стандарттар институтында жасалған, бірақ оның 256 стандарт символдан тұратын бөлігі арнайы программаның көмегімен ұлттық алфавит символдарымен ауыстыруға болатындықтан, басқа елдер де пайдаланады. Символдарды кодтау комбинацияларының жиынтығы кодтау кестесі деп аталады. ASCII кодтау кестесі екі бөліктен тұрады

ASCII кодының стандартты және баламалы түрлері Алғашқыда ASCii-да кодтау 7 бит болған. кейіннен 8 биттік (1 байт) кодтауға өткізілді. 7 биттік кодтау 8 биттікке қарағанда өлшемі 2 есе кіші. 27=128 < 28=256. бастапқыда ASCii-да 0 мен 127 арасындағы 128 символ кодталған

Мәтіндік ақпаратты кодтау

Егер алфавиттің әр символына белгілі бір санды сәйкестендіріп қойса (мысалы, реттік нөмірін), онда мәтіндік ақпаратты екілік кодтың көмегімен кодтауға болады.

Қазақстанда құрамында кирилл символдары бар ASCii-ге балама кодтау қолданылады. Онда үлкен, кіші орыс, латын әріптері, цифрлар, тыныс белгілері мен арифметикалық амалдар, т.б. қамтылған. Егер пайдаланушы мәтіндік файл құрып, оны дискіге жазса, онда енгізген әр символы компьютер жадында 8 нөл және 8 бірлердің жиынымен сақталады. мәтінді экранға немесе принтерге шығарғанда, осы кодтарға сәйкес символдар бейнеленеді.

 символды екілік кодтау

Графикалық мәліметтерді кодтау

ЭЕм-де мәтіндік ақпарат секілді графикалық бейнелерді сақтауға, өңдеуге және екілік жүйеде кодтауға болады. Графикалық бейнелерді кодтау арқылы әртүрлі графикалық форматтарды қолдану мүмкіндігі бар.

Бейне сақталған файлдың кеңейтілуіне қарап, мұнда қандай формат қолданғанын білуге болады. Файлдың форматына қарап, оны қандай программаның көмегімен қарауға, өңдеуге және басып шығаруға болатынын аңғарамыз. Қазіргі таңда графикалық бейнелерді өңдейтін әртүрлі программалардың саны жеткілікті. Осындай түрлі мүмкіншіліктеріне қарамастан, бейнені кодтаудың негізінде растрлық графика және векторлық графика деген екі негізгі тәсілі бар.

Графикалық код

UNICODE (Юникодта) кодтау

Бір байт 8 биттен тұратыны белгілі. 8 бит көмегімен 256 мүмкін болған символдарды кодтай аламыз. Демек, ASCII-да 256 символ ғана кодтаймыз деген сөз. Кейбір алфавиттерде, мысалы, қытай және жапон иероглифтерінде символдар саны 256-дан көп. Бұл жағдайда не істеу керек? Осы мәселені шешу үшін, өткен ғасырдың 90-жылдарының басында Юникодта кодтау кестесі жасалды. Бастапқыда Юникодта кодтау 2 байттан (16 бит) тұрды. 16 битпен 216 = 65536 символды кодтауға болады. Ең көп тараған Юникодтың 2 түрін атап өтуге болады. Интернет үшін UTF-8, Windows үшін UTF-16 түрлері қолданылады.

UTF-8 де алғашқы 128 символ 1 байтпен кодталады да, қалғандары 2 байт пен 4 байт арасында кодталады. Юникодтың ерекшелігі – оның көмегімен қолданыстан шыққан жазбалардың ғылым мен техникадағы қолданылып жатқан символдар мен математика, экономика, ноталар, т.б. символдарды өрнектей алуында. Компьютерлік ойындарды жасауда Юникод көмегін пайдаланған өте қолайлы.

Windows-та мәтінді жазудың 2 түрі бар: біріншісі – UTF-16 кодымен, екіншісі кодтау беті көмегімен (4-сурет). Кодтау беттері Windows-тың ескі нұсқаларымен сәйкестендіру үшін қолданылады. ASCII және UTF-16 кодтау кестелерімен танысу үшін ең оңайы – Word мәтіндік редакторында Кірістіру (Вставка) – Символ – Басқа символдар (Другие символы) командаларын орындауға болады.

UTF-16 кодындағы қазақ алфавитінің символдары